Басқарылатын құрылғының параметрлерін қарап шығу үшін:
Басқарылатын құрылғылардың тізімі көрсетіледі.
Таңдалған құрылғы сипаттары терезесі ашылады.
Сипаттар терезесінің жоғарғы бөлігінде параметрлердің негізгі топтарын көрсететін келесі қойындылар көрсетіледі:
Бұл қойындыда келесі бөлімдер бар:
Өрісте басқару тобындағы клиент құрылғысының атауын қарап шығуға және өзгертуге болады.
Өрісте клиент құрылғысының қосымша сипаттамасын енгізуге болады.
Құрылғыдағы антивирустық қорғаныс күйінің және желідегі құрылғы белсенділігінің әкімші белгілеген өлшемшарттары негізінде қалыптастырылатын клиент құрылғысының күйі.
Құрамына клиент құрылғысы кіретін басқару тобы.
Құрылғыдағы антивирустық дерекқорларды немесе бағдарламаларды соңғы рет жаңарту күні.
Клиент құрылғысында орнатылған Желілік агентті Басқару серверіне соңғы рет қосу күні мен уақыты.
Құрылғы соңғы рет желіде көрінген күн мен уақыт.
Орнатылған Желілік агенттің нұсқасы.
Құрылғының Kaspersky Security Center-де жасалған күні.
Құрылғы иесінің аты. Құрылғының иесін басқару сілтемесін басу арқылы пайдаланушыны құрылғы иесі ретінде тағайындауға немесе жоюға болады.
Осы параметрі қосулы болса, басқарылатын құрылғы мен Басқару сервері арасында тұрақты қосылым сақталады. Осындай қосылымды қамтамасыз ететін push-серверлерді қолданбасаңыз, осы параметрді қолдана аласыз.
Егер параметр өшірулі болса және push серверлері пайдаланылмаса, басқарылатын құрылғы деректерді синхрондау немесе ақпаратты жіберу үшін Басқару серверіне қосылады.
Басқару серверімен байланысты үзбеу параметрі таңдалған құрылғылардың жалпы саны 300-ден аспауы тиіс.
Бұл параметр басқарылатын құрылғыларда әдепкі бойынша өшіріледі. Бұл параметр Басқару сервері орнатылған құрылғыда әдепкі бойынша қосылады және оны өшіруге тырыссаңыз да қосулы қалады.
Құрылғының IP мекенжайы.
Құрылғыны қамтитын жұмыс тобы.
Клиент құрылғысының DNS домен атауы.
Клиент құрылғысының NetBIOS атауы.
Виртуалды машинаның өндірушісі
Бұл жолда клиент құрылғысының VDI бөлігі ретінде динамикалық виртуалды машина екені көрсетілген.
Клиенттік құрылғының көріну күйі.
Құрылғыдағы антивирустық қорғаныс күйінің және желідегі құрылғы белсенділігінің әкімші белгілеген өлшемшарттары негізінде қалыптастырылатын клиент құрылғысының күйі.
Клиент құрылғысының қорғаныс күйі және Басқару серверіне қосылу.
Клиент құрылғысынның тұрақты қорғанысының ағымдағы күйі.
Құрылғыда күй өзгергеннен кейін, жаңа күй, клиент құрылғысы Басқару серверімен синхрондалғаннан кейін ғана құрылғының сипаттары терезесінде көрсетіледі.
Клиент құрылғысында зиянды БҚ соңғы іздеу күні мен уақыты.
Қауіпсіздік бағдарламасын орнатқан сәттен бастап (құрылғыны бірінші рет тексеру) немесе қауіп есептегіші соңғы нөлденген сәттен бастап клиент құрылғысында анықталған қауіптердің жалпы саны.
Клиент құрылғысындағы кейін өңделетін файлдар саны.
Өрісте ұялы құрылғылар үшін кейін өңделетін файлдар ескерілмейді.
Құрылғының жергілікті дискілеріндегі файлдарды шифрлаудың ағымдағы күйі. Күйдің сипаттамасы Kaspersky Endpoint Security for Windows онлайн-анықтамасында келтірілген.
Файлдарды тек Kaspersky Endpoint Security for Windows орнатылған басқарылатын құрылғыларда шифрлауға болады.
Осы қойындыда клиент құрылғысында орнатылған "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының тізімі көрсетіледі. Бағдарлама туралы жалпы ақпаратты, құрылғыда болған оқиғалар тізімін және бағдарлама параметрлерін көру үшін бағдарлама атауын басуға болады.
Осы қойындыда басқарылатын құрылғыда белсенді саясат тізімдері мен саясат профильдері көрсетіледі.
Тапсырмалар қойыншасында сіз клиент құрылғысының тапсырмаларын басқара аласыз: қолданыстағы тапсырмалар тізімін қарау, жаңаларын жасау, тапсырмаларды жою, іске қосу және тоқтату, олардың параметрлерін өзгерту және орындалу нәтижелерін қарау. Тапсырмалар тізімі клиентті Басқару серверімен соңғы рет синхрондау барысында алынған деректер негізінде ұсынылады. Тапсырмалардың күйі туралы ақпаратты клиент құрылғысынан Басқару сервері сұрайды. Байланыс болмаған жағдайда, күй көрсетілмейді.
Оқиғалар қойыншасында таңдалған клиент құрылғысы үшін Басқару серверінде тіркелген оқиғалар көрсетіледі.
Тегтер қойыншасында клиент құрылғысын іздеуге негізделген кілт сөздер тізімін басқаруға болады: қолданыстағы тегтер тізімін қарау, тізімнен тегтер тағайындау, автоматты түрде тег қою ережелерін конфигурациялау, жаңа тегтер қосу және ескі тегтердің атын өзгерту, тегтерді жою.
Бұл қойындыда келесі бөлімдер бар:
Орнатылған бағдарламалар туралы ақпарат, клиент құрылғысында орнатылған Желілік агент қажетті ақпаратты Басқару серверіне берген жағдайда беріледі. Басқару серверіне ақпаратты беру параметрлерін Қоймалар бөліміндегі Желілік агент сипаттары немесе оның саясаты конфигурациялауға болады.
Бағдарлама атауын басқан кезде бағдарлама туралы мәліметтері және сол бағдарлама үшін орнатылған жаңарту пакеттерінің тізімі бар терезе ашылады.
Файлға экспорттау түймесі арқылы сіз құрылғы өзара әрекеттесетін тарату нүктелерінің тізімін файлға сақтай аласыз. Әдепкі бойынша, бағдарлама құрылғылар тізімін CSV пішіміндегі файлға экспорттайды.
Сипаттар түймесі арқылы құрылғы өзара әрекеттесетін тарату нүктесінің параметрлерін көруге және конфигурациялауға болады.